$ 448.56  478.03  4.79

Мемлекеттік қызметкерлерге сақал өсіру міндеттелді

Талапты орындамаған шенеунік жұмыстан шығарылады.

Ауғанстандағы билікті қолына алған «Талибан» қозғалысы жергілікті мемлекеттік қызметкерлерді жаңа дресс-кодты сақтауға және сақал өсіруге міндеттеді. Талапты орындамаған шенеунік жұмыстан шығарылады деп хабарлады ”Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа ережелерге сәйкес, Ауғанстандағы шенеуніктер сақал өсіріп, киім кию нормаларына қатаң сәйкес келуі керек: тюрбан немесе шляпа, ұзын көйлек пен кең шалбар кию.

Басылымның мәліметінше, өткен дүйсенбіде тәліптер мемлекеттік органдар ғимараттарында кезекшілік етіп, шенеуніктер киімінің нормаға сәйкестігін тексерген. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік қызметкерлер уақытында құлшылық жасауы керек, мұны да тәліптер мұқият тексереді.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін өз қолына былтыр тамыз айында алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары