$ 494.87  520.65  4.91

Бұдан былай жеке құжаттарды өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті болмайды

Қазір 10 млн қазақстандық тұрақты түрде Цифрлық құжаттар сервисін қолданады.
Жеке куәлік және тағы басқа цифрлық құжаттар Kaspi және Halyk Bank мобильді қосымшаларында қолжетімді болады.
 
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.
 
"Былтырғы жылдың аяғынан бері «ҰАТ» АҚ, Kaspi және Halyk мамандарымен бірге Цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады.
 
Қазір 10 млн қазақстандық тұрақты түрде Цифрлық құжаттар сервисін қолданады. Бұл өте ыңғайлы – өзіңмен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүру қажет емес. Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз.
 
Бұл функционал ТЕК азаматтың өз келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асатынын атап өткім келеді", - деп жазды министр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары