Ер адам жарылғыш зат орнатылды деген жалған ақпарат таратқанын мойындады, ол 5 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қарағанды облысында ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама таратты деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды.
Облыстың полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 29 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Ол жарылғыш зат орнатылды деген жалған ақпарат таратқанын мойындады, айғақ зат ретінде ұялы телефоны тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, 31 наурыз сағат 09.00-де полицияға Мұқанов көшесіндегі ХҚКО-да жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел қызмет жіберілді, ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Ғимаратты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабына (терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.