$ 447.4  477.55  4.76

Қостанайда өрт кезінде үш кішкентай бала қаза тапты

Балалардың үлкені 8 жаста.

Қостанай облысы Амангелді ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үш кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, үйде 1983 және 1994 жылы туған ерлі-зайыпты төрт баласымен бірген тұрған. Балалардың үлкені 8 жаста.

Өрт сөндірушілер келгенше көршілер төрт баланы өрт ортасынан шығарған, ол уақытта балалар үйде жалғыз қалған. Өрт болған кезде ата-анасы жұмыста болған.

"Сағат 10:55-те Амангелді аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылдары туған үш баланың көз жұмғанын тіркеді", - деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге Амангелді ауылының 26 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебін анықтау үшін Амангелді ауданына ТЖД мамандары жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Қостанай