1 сәуірдегі мәлімет бойынша 2 701 адам коронавирус инфекциясынан (1 681 КВИ+ және 1 020 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде: - 328 пациент стационарда, - 2 373 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 24 адамның жағдайы ауыр, - 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.