$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге үлес қосады» – ҚР СІМ

Қазақстан өңірлік тұрақтылык пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсету қажеттілігін үнемі ұстанатынын мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан өңірлік тұрақтылык пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсету қажеттілігін үнемі ұстанатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналған БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың донорлық конференциясында мәлім етті.

Сонымен бірге елші еліміз гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті.

Отандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары