02.04.2022, 11:29

Қарағанды облысында ит талаған екі баланың бірі көз жұмды

Ақтоғай ауылында ит шабуылынан зардап шеккен 3 және 5 жастағы екі бала медициналық мекемеге жеткізілген.

Қарағанды ​​облысында екі баланы ит қауып, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды. Оқиға 1 сәуірде болған. Бұл туралы ақпарат Ақтоғай аудандық полиция бөліміне сағат 19.00-де түскен. Ақтоғай ауылында ит шабуылынан зардап шеккен 3 және 5 жастағы екі бала медициналық мекемеге жеткізілген.

"Полицейлер жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген 3 және 5 жастағы екі ұл балаға ит шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, 3 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды", - деді Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.