03.04.2022, 07:54

Қарағандыда кенші қаза тапты: Мемлекеттік комиссия құрылды

Фото: ашық дереккөз
Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған.

Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты. Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты.

«Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.

Еске салайық, биылғы 24 наурызда Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза болған еді. Кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі.