04.04.2022, 01:20

Головкиннің Муратамен айқасы үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды

Аталмыш жекпе-жек 9 сәуір күні Сайтама қаласында өтеді.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA «супер» титулының иегері жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 KO) алдағы айқас үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды.

Геннадий Головкиннің жекпе-жектен алатын гонарар көлемі 12,3 миллион болып отыр. Ал қарсыласы Мурата 4,1 миллион доллар алады.

Бұл айқас 9 сәуір Сайтамада өтеді.