$ 510.08  539.61  5.15

«Қазақстан халқына» қорынан 4 баланың дәрісіне 3,7 млрд теңге төленді

Бірінші балаға препарат 26 наурызда салынды, қалғандарын 8 сәуірге дейін салу жоспарлануда.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан халқына» қоры омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Onasemnogene Abeparvovec дәрісін сатып алу үшін 3,7 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

«Омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені қор төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды, әр науқас үшін жеке дәрілік затты өндіру үшін барлық науқастан биоматериал алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда»,- деп жазылған қордың сайтында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары