$ 448.15  483.46  4.86

Болат Назарбаевқа айып тағылды

Ольга Әбдіғаппарова БАҚ-тан ҰҚК басшысы мен Бас прокурорға үндеуін жариялауды сұрайды.

Елордада өткен баспасөз мәслихатында қамауға алынған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жұбайы Болат Назарбаевтың «Есентай ситиді» рейдерлік басып алу әрекеті туралы айтып береді.

Ольга Әбдіғаппарова БАҚ-тан ҰҚК басшысы мен Бас прокурорға үндеуін жариялауды сұрайды. Ольга алдау, бопсалау, қауіп-қатер туралы егжей-тегжейлі айтып беретінін жеткізді, деп хабарлайды orda.kz сайты.

Ольга Әбдіғаппарованың айтуынша, Болат Назарбаевтың жақтастары Әбдіғаппаровтардың «AV-Construction» Pricewaterhouse Cooper’s компаниясының 35% үлесін қалай тартып алғанын егжей-тегжейлі жеткізбек.

Оның айтуынша, Әбдіғаппаровтың «AV-Construction» ЖШС-дағы үлесінің 10%-ы үшін бір кәсіпкерге ұрлық жасады деген айып тағуға тырысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары