Қазақтелеком Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. «Қазақтелеком» АҚ Orda.kz редакциясының сауалына берген жауабында Елбасының кенже қызына тиесілі «Instant Payments» ЖШС-мен келісімшартты бұзу рәсімі басталғанын хабарлады. «Instant Payments-пен келісім аяқталу сатысында. Бұл компаниямен ынтымақтастықты аяқтау мерзіміне келетін болсақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығында келісім-шарт бұзылуы әбден мүмкін», - деді компания өкілдері. Еске сала кетейік, Назарбаевтың кенже қызы әрбір электронды теміржол билеті мен «Қазақтелекомның» қызметтерінен табыс тауып отырған.