$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті

Аса ауыр қылмыстың құрбаны – дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумков екені белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Алматыда ер адамды атып кеткен болатын. Қайғылы оқиғадан қаза болған адамның кім екені анықталды деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Аса ауыр қылмыстың құрбаны – дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумков екені белгілі болды. Ол қаладағы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істеген. Полиция болжамдарының бірі бойынша қылмысты оның пациенттерінің бірі жасаған болуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, бұған дейін мегаполистегі Бостандық ауданында 47 жастағы ер адамды аңшылық мылтықпен белгісіз біреу атып өлтіргені туралы жазған болатынбыз. Күдікті қалада енгізілген «Перехват» арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Одан қылмыстық қару тәркіленді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары