$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған күдіктінің кім екені белгілі болды

Оның шынымен де снайпер мылтығы болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауға дайындалды деген күдікке ілінген азамат Нұр-Сұлтанда адвокат болып жұмыс істеген.

«Президент пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қастандық жасамақ болған әлеуетті террористті ұстауға қатысты. Аты-жөні Аян Атығаев, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап елордада заңгер болып жұмыс істейді, яғни лицензия алған. Рас, ол туралы таныс заңгерлердің ешқайсысы естімеген. Оның шынымен де снайпер мылтығы болған, ол елге Шығыс Еуропаның бір республикасынан бөлшектеп әкелінген» деп жазды Telegram-каналдардың бірінде.

Еске салсақ, 3 сәуірде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 наурызда Нұр-Сұлтанда ҰҚК қарсы барлау қызметкерлері шетелдік барлау агенті, Қазақстан Республикасының азаматы «А» есімді азаматты ұстағанын хабарлады. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың Ресейге қарсы үгіт-насихатпен айналысқаны атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары