$ 494.87  520.65  4.91

Астанада су қоймалары мен бассейндеріндегі суды тексеру күшейтілді

Бассейнде жүзуді қауіпсіз ету үшін ұдайы су тазартылып, сапасы тексеріліп отырады. Сондай-ақ, бөгде заттар мен басқа да қалдықтарды жоятын арнайы құрылғы да жұмыс істейді. Сонымен қатар Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті де өзіндік тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мекеме қаланың спорт кешендерінде орналасқан бассейндердің тазалығы мен судың сапасын қадағалайды. Астана қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті берген соңғы деректерге сүйенсек, бассейндерден 28 сынама алынған.

Астана қаласы СЭҚ қызметінің мамандары энтеровирусты инфекцияның тіркелуіне орай судың сапасы мен елордадағы, түгел республикадағы су қоймаларындағы зертханалық тексеруді күшейтті.

— Энтеровирус бассейндерден табылған жоқ, дегенмен олар кәріз суларынан табылды. Он сынаманың біреуінен вирус анықталды. Бұл аталған вирустың қоршаған ортада бар екендігінің дәлелі. Сондықтан біз жүйелі жұмыс жүргізудеміз, — деді ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Жандарбек Бекшин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары