$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 15 жасар футболшы жаттығу кезінде көз жұмды

Павлодарда «Ертіс» футбол орталығының 15 жасар ойыншысы жаттығу барысында көз жұмды. Қайғылы оқиға таңертеңгілік уақытта қала стадиондарының бірінде болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әдеттегідей, командасымен алаңға беттеген Әділ Жолдасбеков дайындық басталған сәтте оқыс жерге құлаған. Дені сап-сау баланың неден бақилық болғанын әлі ешкім түсінбей отыр.

«Топ ішінде төрт жыл қатарынан өнер көрсеткен 15 жасар аяқдопшы таңертеңгілік жаттығулар басталмастан жер бауырлап жатып қалған. Алғашқы көмек көрсеткен орталық дәрігері, марқұмның күнделікті дайындықтарда сергек жүргенін айтады. Өмірінің соңғы сәттерінде де күмәнді өзгерістер байқалмапты. Еш жарақат алмастан жан тапсырған», делінген телеарна сюжетінде.

— Әуелі есінен танды деп ойлап,алғашқы көмек көрсеттік. Бірақ тамыр соғысы тоқтап қалды. Денесі суып кетсен соң барып дабыл қақтық. Бала жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұрады. Ешқандай ауытқу байқалмаған, — деді «Ертіс» ФК дәрігері Марина Быкова.

Шақыртумен келген дәрігерлер жасөспірім «жедел жәрдем» көлігінде жан тапсырды деген байлам жасаған. Бірақ футбол саласының басшылары балаға уақтылы көмек көрсетілмегенін айтады. Себебі, Әділ жарты сағатқа жуық клиникалық өлім хәлінде болыпты.

— Мен қауіп төнген сәттен бастап ата-аналармен бірге жүрдім. Ешқандай жабдығы жоқ «жедел жәрдем» алып кетті. Ол таңғы төртке дейін көз ілмеген. Маған салса,жаттығуға жібермес едім. Ал жедел жәрдем қызметі өздеріне шаң жуытқан жоқ. Біз барғанда тым кеш едідеп отыр. Дегенмен жас футболшы өлімінің себебін енді арнайы комиссия анықтайтын болады, — деді Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Николай Раздобудько.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары