Әлеуметтік желіде жұрт көзінше көрпе астында аймаласқан құда мен құдағидың әрекеті елдің ашуын туғызды.
Бейнежазбадан құда мен құдағидың той үстінде төсекке жатып құшақтасқан сәтін көрген көпшілік бұл әрекетті түсінбей әлек. Сондықтан болар, видеодағы көріністі олар «Қайдан шыққан салт», «Мынау, масқара ғой» деп сан-саққа жүгіртуде.