$ 494.87  520.65  4.91

БАҚ: Ресей Қазақстанның мұнайын Батысқа жібермей жатыр

Оның мақсаты – Украинаға соғыс ашқаны үшін Ресейге санкция жариялаған елдерде мұнай бағасын қымбаттатып, Еуроодақтың экономикасына зардап шектіру.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресей Новороссийск портындағы дауылды сылтауратып, Еуропа одағына Қазақстаннан баратын мұнай тасымалына қасақана бөгет жасап отыр деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Германияның «Handelsblatt» газеті жазды.

«Оның мақсаты – Украинаға соғыс ашқаны үшін Ресейге санкция жариялаған елдерде мұнай бағасын қымбаттатып, Еуроодақтың экономикасына зардап шектіру. Каспий құбыр өткізу концорциумының штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан. Бұл мұнай құбыры Ресей аумағы арқылы өтеді. Консорциумда ресейлік фирмалардың үлесі басым. Бірақ құбырдағы мұнай Қазақстанда мұнай өндірумен айналысатын Chevron, Shell және Eni секілді батыстық фирмаларға тиесілі» деп жазған газет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары