$ 494.87  520.65  4.91

Министр: Қытай мен Еуропада коронавирус өршіп тұр, маска таққан дұрыс

Елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз, дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Министрдің үндеуін coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Министрдің «Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», - деген сөзін жариялады сайт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары