07.04.2022, 10:00

Ел тұрғындары мамыр айында қанша күн демалады?

Фото: ашық дереккөз
Қазақстан халқы 2022 жылдың мамыр айында үш үлкен мейрамды атап өтеді.

Қазақстан халқы 2022 жылдың мамыр айында үш үлкен мейрамды атап өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұлар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. 

1 мамыр жексенбі күнге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады. 

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады. 

Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн , 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.