$ 494.87  520.65  4.91

Елордада мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған «Сати» балабақшасындағы тәрбиешінің өрескел әрекеті туралы тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram -да жарияланған шағымда балабақшада балаларға жиі қол көтеріп, айғайлап ұрсатыны, тіпті бейәдеп сөздер айтылатыны туралы, тамақ пен балалардың күтімі де нашар екені айтылған.

Тағы оқыңыз: Елордада инклюзивті балабақшада тәрбиешілер ерекше балаларды ұрып-соққан

«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті балабақша тәрбиешісінің үстінен тәрбиеленушілерге қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу бастады», - деп жазылған басқарманың ресми мәліметінде.

Сондай-ақ, ведомство прокуратура мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне аталған балабақшаның қызметін тексеру қажеттігі туралы хат жолдаған.

Бұл мәселе ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.

Қалалық білім басқармасының дерегі бойынша, балабақша - жеке меншік ұйым болып табылады, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істемейді.

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі басқармаға жұмысын бастағаны туралы мәлімет жолдамаған.

Қазіргі таңда онда12 адам 60-тан астам баламен жұмыс істейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары