$ 494.87  520.65  4.91

Қаңтар оқиғасының зардабын жоюға 37 млрд теңге бөлінеді

Алматыдағы президент резиденциясын демонтаждауға 6 млрд теңге жоспарланған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәжілісте «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Оның ішінде қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 37 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға 1,8 триллион теңге бөлу ұсынылып отыр. Бұл – өңірлер мен бизнесті қолдауға, халықтың табысын арттыруға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономиканы әртараптандыруға жұмсалатын шығын. Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға бюджеттен 37 млрд теңге бөлінеді. Оның 21 млрд теңгесі Алматы мен басқа облыстардағы зардап шеккен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге қарастырылған, - деді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Жалпы вице-министрдің айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдауға 45 млрд теңге қажет. Үкімет резервінен қазірдің өзінде 24 миллиард теңге бөлінді.

Әкімшілік, әлеуметтік-коммуналдық нысандарды және қалалық инфрақұрылымды қалпына келтіруге 22 млрд теңге қажет. Қазірдің өзінде 12 миллиард теңге бөлінді. Тағы 10 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінеді, - деп қосты Татьяна Савельева.

Сонымен қатар Алматыдағы президент резиденциясын демонтаждауға 6 млрд теңге жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары