$ 494.87  520.65  4.91

«Тегім мен ұлтымды ауыстыруға мүмкіндік бар ма?»: Қазақстандағы орыстар ұлтын ауыстыруға ниетті

Орыстар орыс болғаны үшін ұялатын жағдайға жетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы орыстар Әділет министріне ұлты мен фамилиясын өзгертуге бола ма деген сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Виктор Калгин есімді азамат өз өтінішінде былай жазған:

«Ресей армиясы Украинаға басып кіргенін елдің бәрі біліп, көріп отыр. Осының кесірінен дүниежүзінде орыстарға деген теріс көзқарас қалыптасып жатыр. Қазір бүкіл әлем қай елде тұрып жатқанымызға, Ресейдің әскери операциясына көзқарасымызға қарамастан, орыс екеніңді білсе теріс айналады. Көп адам орыс болғаны үшін ұялатын жағдайға жетті. Кейбіріміз өміріміз мен денсаулығымыз үшін қорқа бастадық. Егер орыс адамды түріне қарап, еуропалық нәсілдің басқа өкілдерінен айыру қиын болса, онда оның фамилиясына қарап, тез айыруға болады. Себебі орыстардың көбісінің ата-тегі -ев, -ов, -ин жалғауларымен аяқталады. Болашақта мен Еуропаға туристік сапар жасауды жоспарлағанмын. Енді мені орыс болғаным үшін қонақүй, дәмхана, дүкен мен басқа да орындарда жеккөре ме деп қорқамын. Қазір Еуропада тұратын орыстарда сондай жағдай болып жатыр екен» деп жазған Виктор Калгин.

«Мен фамилиям мен ұлтымды ауыстырғым келіп отыр. Бірақ қалай ауыстыруды білмеймін. Фамилиям мен ұлтымды ауыстыруға мүмкіндік бар ма?» – деп сұрады өтініш иесі.

Әділет министрі Қанат Мусин өз кезегінде бұл мәселені шешу үшін өз өңірінің әкімдігіне жүгінуге болатынын айтты. 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңының «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті» аталатын 31-бабының 1-бөлімінің 2-2 тармақшасына сәйкес, жергілікті аудандық немесе қалалық әкімдік Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді. Осыған байланысты мәселеңізді шешу үшін өз өңіріңіздің әкімдігіне жүгінуге кеңес береміз», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тек #Ұлт #орыс