$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлдағы жылу орталығы мұржасының құлау себебі анықталды

Оған түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы себеп.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Петропавл ЖЭО-2-дегі №1-ші түтін мұржасының құлауы бойынша ҚР Энергетика министрлігі белгілеген Технологиялық бұзушылықты тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы себеп. Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналғандығы болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді, - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ құзырлы ведомствоның хабарлауынша, № 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларын сақтау бойынша сараптамалар жүргізу белгіленді.

Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы бұдан әрі жалғасады, деді баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары