Ақмола облысының Зеренді ауданында әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген 8-сынып оқушысы 15-тегі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Шағалалы ауылында 8 сәуір күні сағат 21:25-те болған. Оқиға туралы Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті фельдшер хабарлайды. «8-сынып оқушысы әкесіне тиесілі «ВАЗ-21112» автокөлігін рұқсатыз мініп кеткен. Сөйтіп, дүкен маңынан өтіп бара жатқан 15 жасар жасөспірімді байқамай қағып кетеді. Зардап шегуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан.
Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі «Жол жүру ержесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Кінәлі баланың әкесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.