$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда гараж маңынан нәрестенің мәйіті табылды

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100- бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды тұрғыны гараж маңынан пакетке оралған жаңа туған баланың денесін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 9 сәуірде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. «Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100- бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары