$ 496  588.01  6.42

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 176 бала қаза тапқан (ВИДЕО)

Әсіресе, Донецк, Киев және Харьков облыстарындағы жеткіншектер көп жапа шеккен.

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 176 бала қаза тауып, 500-дейі жараланған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Украина Бас прокуратурасы мәлім етті. Әсіресе, Донецк, Киев және Харьков облыстарындағы жеткіншектер көп жапа шеккен. 

Краматорск қаласындағы вокзалды зымыранмен атқылаудан 5 бала көз жұмып, 16-сы жарақат алды. Краматорскідегі оқиғадан кейін Одессада дүйсенбіге дейін кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді.

Краматорск қаласындағы вокзал зымыранмен атқыланып, 52 адам көз жұмды, 100-ге жуығы жараланды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0