$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК жалған құжатпен Қазақстан аумағын кесіп өтпек болғандардың жолын кесті

Олар Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін жалған құжат алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың долларды құраған.

Шетелдіктер Қазақстан арқылы жүру үшін 10 мың долларға жалған төлқұжат сатып алған, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 6 сәуірде Алматы әуежайында жалған құжат ұсынған Орталық Азия елдерінің бірінің төрт азаматы төлқұжаттық бақылаудан өтіп жатқан жерінде ұсталды.

Жүкті тексеру кезінде олардың  нақты төлқұжаттары табылды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, олар Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін жалған құжат алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың долларды құраған. Жалған құжаттар тәпкіленді»  делінген хабарламада.

Аталған тұлғаларды елден шығару мәселесі шешілуде, деп қосты ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары