$ 480.55  533.75  5.36

Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, ер адам мерт болды

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, бір адам мерт болды.

«9 сәуірде сағат 15:30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданында «Шерқасай» шатқалына таудағы жолдан «Газ-66» автокөлігі аударылып түскені туралы хабар жеткен. Оқиға салдарынан 1969 жылғы ер адам сол жерде қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының (5 қызметкер мен бір техника), еріктілердің (10 адам мен 2 техника) көмегімен шатқалдан қаза тапқан жүргізушінің мәйіті шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары