$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Бір апта ішінде Қытайда симптомсыз вирус тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мыңға дейін өскен.

Қытайда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 25 165 жағдайы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда төрт пайызға жоғары. Мұндай мәліметті ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вирус жұқтырғандардың көбінде, 23 815 адамда ауру белгілері жоқ. 1 350 адамда жөтел және әлсіздік бар.

Бір апта ішінде Қытайда симптомсыз вирус тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мыңға дейін өсті.

Шанхайда және Цзилинь провинциясы (Қытайдың солтүстік-шығысында) коронавирус ошағы болып отыр, вирус жұқтырғандардың 94 пайызы осында.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қытайда 1,5 миллионнан аса адам ауырып, 13,2 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары