$ 494.87  520.65  4.91

Головкиннен жеңілген Мурата жекпе-жектен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Демалып, тынығудан басқа амалым қалмады.

Жапон боксшы Мурата Головкинмен болған айқастан алғаш рет  күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен енді демалып, бокс әлемінен кету жайлы ойланатын боламын. Демалып, тынығудан басқа амалым қалмады. Шаршы алаңнан аса ауыр жарақат алмай кеткенімді ойласам, жеңілдеп қаламын. Мен рингке шыққанда жалғыз боламын, оған дейін мені қолдайтын адамдар саны өте көп: жаттықтырушылар, залдағы жанкүйерлер және менің отбасым. Мен олардың барлығына ризамын. Әліде әлем чемпионы боламын», - деді Мурата.

Айта кетейік, жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өткен болатын. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке ақ орамал тастады. 

Оның келесі жекпе-жегі қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) болады деп жоспарланып отыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары