$ 498.34  519.72  4.85

Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі. Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 87,8 пайызы, яғни 17 млн 941 адам дауыс берген.

Сайлау нәтижелеріне қатысты алғашқы ресми мәлімет дүйсенбі, 5 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланады. Комиссия дауыстарды есептеп жатыр.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушылардан дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар мен басқа да кемшіліктер туралы ескерту алмаған. Бұл туралы ОСК төрағасы Мырза Ұлықбек Әбдісаломов брифингте мәлімдеді.

Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, мемлекет басшысы қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Мирзияев алғашқы өзбек президенті кезінде премьер-министр болды. Ол ішкі және сыртқы саясат бағытын әрі қарай жалғастыруға уәде берді.

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы республиканың алғашқы президенті Ислам Кәрімов қайтыс болған соң ұйымдастырылды. Ресми мәлімет бойынша, Ислам Кәрімов 2 қыркүйекте 79 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды.

Өзбекстан Конституциясы бойынша, елдегі жоғарғы мемлекеттік билікке президент иелік етеді. Негізгі заңдағы соңғы өзгертулерге сәйкес, президент бес жылға сайланады және ол билікті қатарынан екі мерзім ғана басқара алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары