$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында жарылыстан зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды

Шарбақты аулында болған жарылыстан бұған дейін әйелдің күйеуі мен 10 жасар баласы қайтыс болған еді. Енді кеше өзі де бақилық болды деп жазады Informburo.kz.

Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 28 қараша күні орын алған болатын. Үйдің ас әзірлейтін бөлмесінде тұрған газ баллоны жарылып, бөлменің шатыры опырылып қалған еді. Жарылыстың күшті болған сонша, үйдегі қабырғалар да жылжып, терезелердің бәрі шағылып қалған.

Жарылыстан кейін үйде болған үш адам: 43 жастағы отағасы мен оның 10 жасар ұлы және көршінің 1,5 жастағы қызы тіл тартпай кетіпті. Ал, денесінің 90 пайызын күйік шалған әйелді дәрігерлер ауруханаға жеткізген. Бірақ, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ерлі-зайыпты марқұмдардың медициналық колледжде оқитын қыздары қалды. Оқиға болған сәтте ол үйде болмапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары