$ 449.58  486.94  4.86

Роналду жанкүйердің телефонын сындырды: полиция оқиғаны тергеуде

Роналду оның қолын қағып жібергеннен кейін баланың қолы көгеріп қалған.

«Эвертоннан» жеңіліс тапқаннан кейін Криштиану Роналдудың жанкүйерінің телефонын қағып жіберген жағдай айналасындағы жанжал жалғасуда, деп жазады Sports.ru. Әлеуметтік желілерде инциденттің кеңейтілген видео нұсқасы пайда болды. 

Сенбі күні «Манчестер Юнайтед»  «Эвертоннан»  0:1 есебімен ұтылған болатын. Жеңілістен кейін еңсесі түскен Роналду, трибуна астына қарай өтіп бара жатып, қолын созып тұрған жанкүйердің қолынан қағып жіберіп,  телефонын сындырған еді.

Басылымның жазуынша, фанат тек Роналдудың аяғын суретке түсіруге тырысқан сияқты.

Баланың (Джейкоб Хардинг) анасы мәселеге қатысты сұхбат беріп те үлгерген. Анықталғандай, баласы футбол көруге өмірінде алғаш рет келген екен. Ол аутизм және диспраксия дертімен ауырады. Роналду оның қолын қағып жібергеннен кейін баланың қолы көгеріп қалған.

«Мен жыладым, тұла бойым дірілдеп, өзімді әрең ұстадым. Джейкоб не болғанын үйге келгенде бірақ түсінді. Ол қатты ренжіді, енді оны қайтадан футбол алаңына шығару қиынға соғады. Бұл оның өміріндегі алғашқы матч еді», – деді жасөспірімнің анасы.

Мерсисайд полициясы бұл жайтты зерттеуді бастап та кетті. Роналду баладан кешірім сұрап, оны «Манчестер Юнайтедтің» «Олд Траффордтағы» матчына шақырды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары