$ 447.4  477.55  4.76

«Долбо*б баладан, көтенбас келіннен сақтасын!»: Қарияның батасы елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.

Желіде әлдебір ақсақалдың көкпар ұйымдастырған адамға берген батасы қызу талқыланып, елдің ашуын туғызды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ел алдында қол жайған ел ағасы былай деп бата берген еді:

«Құдай сені, оттан, судан, апаттан, көзден, тілден, ауыр қайғыдан, ауыр дерттен, жол апатынан, өтірік айтқаннан, имансыз шалдан, разборкы кемпірден, далбоеб баладан сақтасын. Ұятсыз бұттан, көтенбас келінен сақтасын, деп бет сипады.

Көпшілік: «Батасынан бар болайын, осындай кісіден қандай ұрпақ тарағаны сөзінен байқалып тұр, астапыралла, үлкен дейді-ау, ұятай», «Осындай жасқа келіп миы жеткен жері осы болып тұр ғой, жастарға беріп жатқан үлгіс», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады», «Сіз сияқты шалдан сақтасын» деген сынды пікірлер жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шал #бата