$ 444.32  473.33  4.76

Көзімен 30 келі кір тасын көтеретін қазақ жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

30 келі кір тасын көтерген Айдын Нұржұма қазақтың мықты жігіттерін әлемге танытқысы келетінін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" ток-шоуына сілтеме жасап хабарлайды. Көзбен 30 келі кір тасын көтеретін қазақ жігітінің алдағы мақсаты - көзбен бір тонналық көлік тартып көру. 

"Украин жігіттер көзбен көтерген болатын. Біздің мақсат олардың жетістігінен асып кету керек. Неге бізге де жасап көрмеске, шынықсақ қолдан келмейтін нәрсе жоқ. Қазақтың жігіттерінің мықты екенін әлемге танытқымыз келеді, дейді Айдын. 

Әлемде екі грузин, бір қазақ жігіті жүкті көзбен көтереді екен. Сол қазақ жігіті - Айдын. 

Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Біз қазақ жалқаумыз. Тек миға жасай аламын деу арқылы сигнал беріп, әрекет ету керек. Сол кезде әрбір адам бір нәтижеге жетеді, дейді психолог. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#спорт