Әлеуметтік желіде сұлулық салоны қызметкерлерінің бірін ұрып жіберген ер адамның видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жанжалға тұтынушы ер адамның алдын ала жазылған уақыттан бұрын ұлының шашын қиюды сұрағаны себеп болған.
Мекеме қызметкерлері ер адамға уақыт әлі болмағанын, ол арадан шығуын сұраған. Тұтынушы бұған намыстанып, салон қызметкерлерін балағаттап, олардың бірі - 22 жастағы шеберді ұрып жіберді.
Жәбірленуші полицияға арызданды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
34 жастағы қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен кінәлі адамға әкімшілік айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қоғамның орында айналасындағыларға құрмет көрсетпеу, дөрекілік таныту заңсыз әрекеттер болып саналатынын, оған қатысты жауапкершілік барын ескертеді, - деді Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов.