Қазгидромет синоптиктері 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде найзағай, екпінді жел, нөсер болады деп болжанған.
"Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде тұман, батыста және оңтүстікте құмды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 10-18-ден 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.