$ 494.87  520.65  4.91

Әкімдік қызметкері кәмелетке толмағандарды зорлады деген күдікке ілінді

Ол әлеуметтік желіде қыздармен танысып, оларға ғашық болып, жақын араласқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында кәмелетке толмаған баланың анасы Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысын қызын зорлады деп айыптады, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы. 

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде Қазақстан президентіне істі бақылауға алуды өтінген. Полиция басқа да ықтимал құрбандардан құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

Басылымның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желіде қыздармен танысып, оларға ғашық болып, жақын араласқан. Ол құрбандарын желі арқылы іздеген деген болжам бар. Парақшадағы өзі туралы жеке ақпараттарда ол жасы мен отбасылық жағдайы туралы жасырып қалған. Белгілі болғандай, ер адамның отбасы мен балалары бар болып шықты. 

"Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі, 1-тармағы “кәмелетке толмаған баланы зорлау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жәбірленуі мүмкін адамдар тобы анықталуда. Бір өтініш бойынша полицияға басқа арыздар мен хабарламалар түскен жоқ. Полицейлер ықтимал жәбірленушілерге оларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрап жүгінеді. Құпиялылыққа кепілдік беріледі", – деп түсіндірді полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары