Қазақстанда өткен тәулікте, 12 сәуірде 12 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 327-ге жетті. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 8, Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 1.
Қазақстанда 41 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Екпеге келсек, 2022 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 467 542 адам, 2-компонентін 9 202 834 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат мынадай: 2022 жылғы 12 сәуірде Pfizer вакцинасының ️ I дозасын 991 511 адам, ️ІІ дозасын 858 912 адам салдырды.
Оның ішінде: І компонентімен
Жасөспірімдер – 797 087, Жүкті әйелдер – 36 669, Бала емізетін әйелдер – 131 360.ІІ компанентімен
Жасөспірімдер – 714 750, Жүкті әйелдер – 31 247, Бала емізетін әйелдер – 111 561.Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшам