13.04.2022, 10:00

Нью-Йорк метросындағы атыс: 16 адам жараланды

Фото: ашық дереккөз
Атыс Нью-Йорк уақытымен таңғы 8:30 шамасында болған. Қазір полиция күдіктіні іздеп жатыр.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы Бруклин ауданындағы 36-көшедегі метро станциясында атыс болып, кемі 16 адам жараланды. Бұл туралы қала полициясы хабарлады.

Атыс Нью-Йорк уақытымен таңғы 8:30 шамасында (Алматы уақытымен 18:30) болған. Қазір полиция күдіктіні іздеп жатыр.

Метро платформасына жарылғыш зат орналасқан деген хабар тарағанымен Нью-Йорк полициясы бұл ақпаратты растамады.