Оралдың тергеу соты пара алды деген күдікпен полиция бастығын екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Қалалық көші-қон полициясы департаментін басқарған Қанат Мұқанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оралдың тергеу соты полиция қызметкерін қамауға алу туралы санкция берді.
"БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Орал қалалық ІІБ көші-қон бөлімінің бастығы жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ұсталды", - деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.
Қадағалау органы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.