$ 494.87  520.65  4.91

«Z»: «Marwin – «Меломан» желісіне байкот жариялана ма?

Балаларға арналған заттарды сататын Marwin (Меломан) дүкені соғысты насихаттап жатыр.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Marwin – «Меломан» желісіне қызметкерлерінің киімдеріне «Z» белгісі жазылғаны үшін байкот жариялау туралы ұсыныстар түсіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Facebook-те тарихшы Айнаш Керней, журналисттер Динара Егеубаева мен Салтанат Әшірбай және басқа да қоғам белсенділері «Marwin – «Меломан» желісін «Z» белгісі үшін сынап, оның заттарына байкот жариялауды ұсынған.

«Соғысты насихаттауға жол бермейміз! Балаларға арналған заттарды сататын Marwin (Меломан) дүкені соғысты насихаттап жатыр. Қазақстанда соғысқа үгіт-насихат жүргізу заңмен тыйым салынған. Милитаристерге байкот!», деп жазды Айнаш Керней.

Оған дәлел ретінде ол дүкеннің қызметкерлерінің киімдеріне жазылған «Ревизор» сөзінде «з» әрпі латынша «Z» әрпімен берілгенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#байкот