$ 446.49  475.38  4.79

Атырауда бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Қазіргі уақытта 1992 жылы туған екі, 1996 жылы туған бір күдікті  ұсталып, қамауға алынды.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдап жүргені туралы жедел ақпаратты тексерген деп жазды turkystan.kz.

Тексеріс нәтижесінде Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторлары қала көшелерінің бірінің қиылысында аталған автокөліктен бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдаған қала тұрғындарын анықтап, 81,4 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

«Қазіргі уақытта 1992 жылы туған екі, 1996 жылы туған бір күдікті  ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №1 Полиция бөлімімен ҚК-тің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» деп жазылған хабарламада.

Одан өзге, Қараөзек ауылы тұсынан қала тұрғынының Toyota Camry көлігінен 20 келіге жуық бекіре, ал Балықшы поселкесінде Ваз-2110 автокөлігінен 15 келіге жақын бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Айта кетсек, аталған заңбұзушылықтар «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында анықталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары