Видеограф Нұркен Тәжібай Түпқараған ауданындағы Жығылған ойпаты аймағында болды. Ол сол маңда түсірген видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Видеодан байқағанымыздай, Каспий теңізі уақыт өте таязданып жатыр.
Каспий теңізін құтқарайық, – деп жазды Нұркен Тәжібай өзі түсірген видеоның астына.
Бұл видео теңіздің таяздығы туралы алғашқы видео емес. Бір апта бұрын белсенді Азамат Сәрсенбаев та осы экологиялық мәселені көтерген еді.
Айта кетейік, Каспий теңізіндегі су деңгейі 2006 жылдан бері азайып келеді.