Петропавлда қураған қамыстан шыққан өрт айыппұл тұрағына ауысып, салдарынан 5 жеңіл көлікке зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 16.30 шамасында болған.
«Өртеніп жатқан аумаққа жолдың болмауы және қатты жел жағдайды қиындатқан. Қамыстан тұтатанған өрт жақын маңдағы мамандандырылған айыппұл тұрағына ауысқан. Бұл нысан Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Тұрақта тұрған 5 көлік өртеніп кетті. Жалын шамамен 3 га аумақты шарпыды», - делінген хабарламада.