$ 443.35  475.54  4.82

Павлодар мектептерінің бірінен өрт шықты

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды.

Жедел жәрдем бригадасы  оқиға орнынан ауруханаға бес адамды алып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Pavlodarnews.kz-ға сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесі, 3 мекенжайы бойынша үш қабатты № 1 жалпы орта білім беру мектебінен өрт шыққан.  "Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды. Өрт сағат 11.41-де өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", – деді департаменттен.  Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 35 қызметкері және 9 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1  техника жұмылдырылды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары