Түркістан облысында бір жарым жасар бүлдіршін балабақшада қалай жарақат алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 12 сәуір күні түстен кейін Шәуілдер ауылында болған. Сағат 15:00 шамасында Отырар аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Онда кішкентай бүлдіршіннің жарақатпен ауруханаға түскені айтылған.
"Баланы Шәуілдір ауылындағы балабақшаның жанында көлік соққаны анықталды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баланы қаққан Opel көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
"Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп қосты полицейлер.