Қазақстан ерлер арасында ішімдікті жиі пайдаланатын 182 елдің рейтингіне 11-ші орын, ал әйелдер арасында 19-шы орында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанда ер адамның алкогольге тәуелділік деңгейі 9,52%-ды, әйелдерде 1,48%-ды құрайды.
Ерлер арасында алкоголь ішу бойынша алғашқы үштікке Ресей, Венгрия және Литва мемлекеттері енсе, әйелдер арасында Австралия, Ресей және Колумбия елдері кіреді.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда алкоголь өнімдері сегментінде арақ өндірісі бірден 60,3%-ға яғни 5,7 млн литрге дейін өскен.
Плюс және Бренди өндірісі 6,3%, яғни 1,8 миллион литрге дейін, шарап өндірісі жылына 3,5%-ға 2,7 млн литрге дейін, сыра 2,5%-ға 91,1 млн литрге дейін қысқарған.
Коньяк пен жүзім шарабын шығарудың ең көп көлемі Алматы облысынада болса, арақ – Ақмола облысы, сыра – Алматы қаласында көп өндіріледі екен.