$ 443.85  474.3  4.8

Министрлік өкілдері мүгедек жандардан пара алды деп айыпталуда

Мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алып келген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтардан пара алып келген деп айыпталуда. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облыстық департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты істі тергеуде. Аталған тұлғаларға мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алып келген деп айып тағылып отыр.

«Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - делінген ведомство мәліметінде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары